Уимблдон: Александр Бублик екінші айналымда франциялық теннисшімен кездеседі

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші рейтингіде 78-орында тұрған 18 жастағы чехиялық Якуб Меншикпен матчы тартысты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқы екі сетте Меншик шеберлік танытты – 6:4, 7:6 (7:2). Бұдан кейін ойын тізгінін қолына алған Бублик камбэк жасай алды – 6:4, 6:4, 6:2. Үш сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 32 эйс жасап, 23 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Александр үшінші айналымға шығу үшін әлем рейтингіде 98-орындағы франциялық Артур Казомен кездеседі.Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 57-сатыдағы Александр Шевченко да әлемнің 16-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен бес сеттік матч өткізді.

Үш сағат 17 минутқа созылған бұл кездесуде франциялық спортшының бағы жанды – 6:1, 4:6, 7:6 (7:2), 6:7 (3:7), 6:1.

Енді Бублик екінші айналымда франциялық теннисші, 98-ракеткасы Артюр Казомен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды