Париж мэрі сөзінде тұрып Олимпиада қарсаңында Сена өзеніне түсті

17 шілдеде Париж қаласының мэрі Анн Идальго өзінің көптен бергі уәдесін орындап, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының басталуына дайындалып жатқан Францияның әйгілі Сена өзеніне шомылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы 100 жылда Сена өзенінің шамадан тыс ластануына байланысты оған шомылуға тыйым салынған болатын. Алайда Париж Олимпиадасына байланысты өзенді тазарту бойынша әртүрлі процедуралар әлдеқашан басталған. Сенада триатлоннан және ашық суда жүзуден жарыстар жоспарланған.

Өзеннің тазалығына күмәнді сейілту үшін Францияның бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктері мұнда жеке жүзуге сөз берді. Бұл тізімде Париж мэрі мен Франция президенті де бар. Анн Идальго бұл әрекетке батылы барып,17 шілдеде тазартылған Сенаның температурасы мен деңгейін сынап көрді.

Осы жылдың қысында Париж мэрі 2024 жылғы Олимпиаданың ашылуына дейін Сенада шомылуға сөз берді. Оның артынан Франция басшысы Эммануэль Макрон Сенаның тазалығын өзі сынап көретіндігін айтты. 

13 шілдеде көрермендер Францияның Сенада жүзіп жүрген спорт министрі Амели Удеа-Кастерді көре алды.

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде Парижде басталады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: