Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі: Зейнолла Идрисов күміс медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі: Зейнолла Идрисов күміс медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2026 09:51 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.

Идрисов финалда өз өнері үшін төрешілерден 14.133 ұпай алды. Бұл жүлде Қазақстан үшін аталған турнирдегі алғашқы медаль болды.

Осы бағдарламада Нариман Құрбанов жетінші нәтиже көрсетті - 13.233.

Хорватиялық Матео Зугеч жарыс жеңімпазы атанды - 14.166. Ал үздік үштікті 14.100 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Джошуа Нэтан түйіндеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: