"17 секундта сұлатып салды". Әбиба Әбужақынова екі белдесуінде де жеңіске жетті

Сурет: ҰОК
Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетіп, екінші айналымда да өнер көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 48 келі салмақта сынға түсіп жатқан Әбиба алғашқы айналымда израильдік Шира Ришориден "ваззари" ұпайы бойынша басым түсті. 

Осылайша, қазақстандық балуан Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алды. 

Әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен Әбиба екінші айналымды Қытайлық Тайпей өкілі Чен Хао Линді "иппон" ұпайымен мерзімінен бұрын жеңді. 

Оған жеңіс үшін бар болғаны 17 секунд қажет  болды. 

Оның келесі қарсыласы алда анықталатын болады. 

Бұған дейін жазғы Олимпиада ойындарында дзюдошы Елдос Сметов тағы жеңіске жетіп, үшінші айналымға өткенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты