"Елдос алмағанда, кім алады?!" Головкин Сметовті Олимпиада алтынымен құттықтады

Сурет: olympic.kz
Ұлттық Олимиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Елдос Сметовті Олимпиада алтынымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Біздің даңқты спортшымыз Елдос Сметовті Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын!

Елдос бұл медальға қол жеткізу үшін үш олимпиадалық циклді артта қалдырып, өзінің нағыз чемпиондық мінезін көрсетті! Бұл алтынды Елдос алмағанда, кім алады?!

Ұлттық Олимпиадалық комитет атынан Елдос пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті Париж Олимпиадасындағы алтын медальмен құттықтаймын! Елдостың жеңісті бастамасы ұлттық құрама үшін жалғасын таба берсін! Алға, Қазақстан!", - деді Головкин.

Еске салайық, ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 келі) Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін