Ғұсман Қырғызбаев: Бұл — соңғы Олимпиадам, барымды салдым

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Дзюдодан 66 келі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаев жазғы ойындарды қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл менің соңғы Олимпиадам. Жасым 32-ге келді. Сондықтан, бар күшімді осында тастадым. 

60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада жолдамасы 66 келіде қолға түсті. 

Бүгінгі белдесулерге келер болсам, жартылай финалдағы бразилиялық жігіт басқалардан мықты дей алмаймын. Білмедім, жартылай финалда босаңсып кеттім бе... Екі ескерту бергені де ойда тұрды, кеңінен көсіле алмадым. 

Ан Баулға келер болсам, соңғы екі әлем чемпионатында соған жол бердім. Валид Хиярдан да ұтылдым. Испандықты да бұрын жеңген емеспін. Бүгін бәрінен есем қайтты десем, артық емес.

Қола медальға таласқан сербиялық спортшы өте мығым екен. Бойы ұзын. Оңай  болмады. 

Міне, көптен күткен Олимпиада медалі қоржынға түсті. Бұл жеңісті қазақ еліне, ата-анам, әйелім мен балаларыма арнаймын", - деді Ғұсман. 

Еске салайық, Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, ол өз мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты