Ролан Гарросқа іріктеу: қыздар арасында жартылай финалға шыққандар анықталды

Сурет: ktf.kz
Алматыдағы Gorky Tennis Park теннис орталығында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының жартылай финалына шыққан қыздар белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз топтарынан бірінші орынмен өткен қазақстандықтар Сәтима Төреген мен София Исакова өзара финал жолдамасын сарапқа салады. 

Екінші жартылай финалда тағы бір қазақстандық Альбина Кәкенова ирандық Ясаман Язданимен кездеседі. 

Бозбалалар арасында жартылай финалға өткендер кейін анықталады. 

Жарыс чемпиондары Жапонияда өтетін соңғы іріктеу турниріне жолдама алады. Тек сол доданың жеңімпаздары ғана Ролан Гарросқа шақыртылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді