Нұрбек Оралбай: финалда жеңіске жету үшін бар күшімді салдым

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
8 тамызға қараған түні 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай "алтын" үшін жекпе-жекте украиналық спортшы Александр Хижнякқа есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тартысты жарыс 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем және Еуропа чемпионы, Украиналық 29 жастағы боксшының пайдасына аяқталды.

Біздің боксшымызға келетін болсақ, 24 жастағы астаналық Нұрбек Оралбай 2023 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы.

"Париж Олимпиадасында мені қолдаған жанкүйерлеріме алғыс білдіремін. Мен осы финалда жеңіске жету үшін бар күшімді салдым. Енді жоғары марапатқа ие болу үшін келесі ойындарға жақсы дайындаламыз". 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай

Нұрбек үшін Париждегі шаршы алаң алғашқы Олимпиадасы болды. Соған қарамастан спортшы финалға шығып, "күміс" жүлдегер атанды.

"Нұрбектің қарсыласы өте мықты, алдыңғы Олимпиада ойындарының жүлдегері. Жекпе-жек алдында біз оны жеңудің барлық нұсқаларын қарастырдық, бірақ сәтсіз болып шықты. Бір жерде қателік жібердік, боксшыларымыздың өнерлері үшін кешірім сұраймыз". Бокстан ҚР құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов

Қазақстандық боксшының жекпе-жегін бүкіл ел ғана емес, сондай-ақ оның жанкүйерлері мен жақындары да бір деммен тамашалады.

Сондай-ақ, 7 тамыз күні грек-рим күресінен Демеу Жадыраев сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі