Париж-2024: АҚШ пен Қытайды медальдық көрсеткіште бір "алтын" ғана бөліп тұр

Сурет: Instagram/paris2024
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына үш күн қалды. Осы уақыт ішінде алғашқы орын үшін әлемдік екі держава АҚШ пен Қытай таласуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәл қазір американдықтардың қоржынында 103 марапат бар: 30 алтын, 38 күміс және 35 қола. Ал, ХОК мәліметіне сүйенсек қытайлықтар 73 марапатқа ие болды (29, 25, 19). Айта кету керек, екі елдің арасында бір "алтын" медальдық көрсеткіш бар.

Жалпы командалық есептің жүлделі үштігін Австралия делегациясы аяқтайды– 45 (18, 14, 13).

Қазақстандық құрамаға келетін болсақ, қазіргі уақытта 31-ші орынды қанағат тұтуда. Біздің қоржында жеті медаль бар: біреуі алтын, үшеуі күміс және үшеуі қола.

9 тамызда ел спортшыларды Олимпиада ойындарының 5 түрінен сынға түспек.

АҚШ
Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін