Ролан Гаррос: София Исакова Алматыдадағы іріктеу жарысында топ жарды

Сурет: ktf.kz
Алматыдағы Gorky Tennis Park теннис орталығында жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турниріне Орталық және Батыс Азия бойынша іріктеу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздар арасында Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы София Исакова жеңімпаз атанды. 

София Исакова финалда ирандық Ясаман Язданиды 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. София осы дода барысында қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ.

Бозбалалар арасында тағы бір қазақстандық Арсений Требухин шешуші бәсекеде өзбекстандық Ахмаджон Тошмұхамедовке жол берді – 6:7 (2:7), 2:6. 

Осылайша, Исакова, Яздани, Требухин және Тошмұхамедов биылғы 16-20 қазанда Жапонияда өтетін іріктеу турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді