АҚШ құрамасы Париж Олимпиадасының медальдық есебін жеңіп алды

Фото: olympic.kz/Сали Сабиров
11 тамызда Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Медальдік көрсеткіш бойынша АҚШ спортшылары қатарынан 4-ші мәрте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ХОК ресми сайтының ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тықтар өздерімен тетелес келе жатқан Қытай спортшыларын соңғы сәтте ғана базып озып, жеңіске қол жеткізді. 

Сонымен, АҚШ спортшыларының қоржынында 40 алтын, 44 күміс, 42 қола бар. Ал, олардың басты қарсыласы Қытай Халық Республикасы 91 медальмен (40, 27, 24) жазғы Олимпиада ойындарын тәмамдады. 

Үздік үштікті күтпеген жерден Жапондықтар иеленді. Олар 20 алтын, 12 күміс, 13 қоламен елдеріне қайтты. 

Ал, Қазақстан жазғы Олимпиада ойындарының медальдік көрсеткіші бойынша, 43-орынға табан тіреді. Еліміздің спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қоланы қанжығаларына байлады. 

12 тамыз күні таңертең елорда әуежайына Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін