Спорт министрі басқа елге олимпиада медальдарын әкелген жаттықтырушыны Қазақстанға қайтарғысы келеді

Фото: olympic.kz/Сали Сабиров
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасында өнер көрсету қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Ведомство алқасында ол қазақстандық жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметі бойынша, министр басқа елдерде табысты жұмыс істейтін отандық мамандарды елге қайтару қажеттігін мәлімдеді.

"Аккредиттелген республикалық федерациялар спортшыларды даярлаудың бірыңғай стандартын әзірлесін және қазіргі заманғы әдістемелерге сәйкес жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру курстарын өткізуді қамтамасыз етсін. Шет мемлекетте табысты жұмыс істейтін шетелдік спорт мамандарын, отандық жаттықтырушыларды жұмысқа тарту, сондай-ақ спорттық білім беру жүйесіне енгізілетін жаңа тәсілдер бойынша ұсыныстар енгізу қажет". Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев

Бұған дейін спорт министрі Рыбакина мен Путинцеваның Олимпиадаға қатысудан бас тартуы туралы пікір білдірді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік