Күрес түрлерінен ӘЧ-2024: Оңдасын Хамитов қола медаль иеленді

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен таза ұтты. 

Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласынан 8:9 есебімен ғана жол берген болатын. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады