Соня Жиенбаева екінші мәрте ITF World санатындағы турнирдің чемпионы атанды

Сурет: Instagram/sonja.zhiy
18 жастағы Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда Жиенбаева ұлыбританиялық Элис Гилианды (668 WTA) 6:1, 5:7, 6:1 есебімен жеңді. Бұған дейін спортшы турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын да жеңді.

2024 жылы 30 қыркүйекте, дүйсенбіде WTA-ның жаңартылған рейтингісінде Соня Жиенбаева өзі үшін рекордтық орынға, яғни 753-ке бір-ақ көтеріледі. Бұл - Жиенбаеваның өз мансабындағы ересек әйелдер туры аясындағы екінші олжасы. Ол бұған дейін Антальяда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды