Әмір Омарханов: Алматыда турнирдің басталуын асыға күтемін

Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Әмір Омарханов Бейжіңдегі жарыста жеңісі туралы айтып, өз елінде өтетін АТР 250 Almaty Open турнирінен қандай үміт күтетінін айтты.

Өткен аптада Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер рейтингіндегі әлемнің 16-шы ракеткасы Әмір Омарханов ITF j300 Beijing 2024 China Open беделді жасөспірімдер турнирінің финалында Британдық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді.

- Әмір, сізді ITF Juniors аясындағы алтыншы титулыңызбен құттықтаймыз. Пекиндегі жарытсың финалында сіз бірінші сетте жеңіліп қалдыңыз, бірақ содан кейін екі партияны жеңіп, матчты өз пайдаңызға аяқтадыңыз. Ойынның барысын не өзгертті?

- Менің ойымша, бірінші сет өте жақсы ойналды, бір жерде өз мүмкіндіктерімді пайдалана алмадым, бірақ бұндай теннисте болып тұрады. Екінші партияға шығып, мен бәрін дұрыс істеп жатқанымды білдім, маған көбірек ойынға назар аудару және агрессивті болу керек еді, сол кезде бәрі ойдағыдай болады және солай болды да, мен агрессивті ойнай бастадым, қарсыласым сәл физикалық тұрғыда отырып қалды және менде жақсы энергия болды, сондықтан мен екінші және үшінші сетте жеңіске жете алдым.

- Алда Қазақстанда өтетін турнир бар, жасөспірімдер емес, ересектер арасындағы жарыс - ATP 250 Almaty Open. Турнирден жалпы қандай үміттер бар?

- АТР турнирін ойнау, әрі өз елімде - бұл мен үшін өзімді туған жұртшылықтың алдында көрсетудің керемет мүмкіндігі. Wild card ұсынған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа үлкен рахмет айтқым келеді. Өз жерімде жанкүйерлерімнің алдында ойнау, шынымды айтсам, қазір менің сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес эмоцияларым бар. Турнирдің басталуын асыға күтемін, енді назарымды және дайындықты АТР-ға ауыстырамын, басты мақсат-Алматыда жақсы ойнап, бар күшімді салу.

- Алматыда АТР-дан кейін тағы қандай турнирлерде ойнайсыз?

- Кореядағы ITF J 300 санатындағы жасөспірімдер турнирінде ойнауды жоспарлап отырмын.

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Серіктестік материал

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: