Қазақстан құрамасының Пара Азия ойындарындағы алтын медаль саны 12-ге жетті
Сурет: Instagram/kazparalympics
Ерлер арасындағы В санатындағы тасжол велоспортында Наиль Ермуханбет 65 шақырымдық қашықтықты 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп өтіп, алтын медаль иеленді.
Кирилл Илюкевич 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижесімен күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасындағы 55 шақырымдық жарыста Анастасия Калаус 2 сағат 5 минут 47 секундта мәреге бірінші болып жетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жұлдыз Қайнарова 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды.
Бұдан бөлек, бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы парапауэрлифтингтен 412,09 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Команда сапында Давид Дегтярев, Ерболат Карибай және Станислав Шакиев өнер көрсетті.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 49 медаль бар. Оның 12-сі – алтын, 16-сы – күміс, 21-і – қола.
Еске салайық, V Азия Пара ойындары 24 қазанда аяқталады.