Қазақстанның төртінші алтыны: Бексұлтан Құлмырза Пара Азия ойындарында жеңіске жетті

Бексұлтан Құлмырза Қазақстанға Пара Азия ойындарының төртінші алтынын сыйлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 15:26 Сурет: telegram/olympickz
20 қазанда Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Донхунды жеңді.

Бүгін қазақстандық дзюдошылар тағы екі медаль жеңіп алды.

Осы салмақ пен санатта өнер көрсеткен Ғалымжан Смағұлұлы ирандық Реза Голамиді жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Үшінші орын үшін белдесуде ол сингапурлық Хунг Джоан Хуэй Синнен басым түсіп, қола медаль еншіледі.

Бүгін пара жүзуші Диас Кенжебек те күміс жүлдемен қуантты. Ол SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзудің финалында 2 минут 21,61 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орын алды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 21 медаль бар. Оның төртеуі – алтын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: