Давид Дегтярев рекорд орнатып, Пара Азия ойындарында Қазақстанға екінші алтынды әкелді

Давид Дегтярев рекорд орнатып, Пара Азия ойындарында Қазақстанға екінші алтынды әкелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 15:26 Сурет: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi
2026 жылғы 19 қазанда Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия пара ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің ең тәжірибелі әрі атақты пара спортшыларының бірі ірі жарыстардан үнемі жүлдемен оралып жүр.

Бұл жолы да ол шеберлігін дәлелдеп, Пара Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Давид 190 келіні көтеріп, Азия пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Осылайша, қазақстандық пара спортшылардың қоржынында қазір төрт медаль бар. Оның екеуі – алтын.

Бүгін пара оқ атудан жеңімпаз атанған Еркін Ғаббасовтың құрметіне еліміздің әнұраны шырқалды. Ал пара пауэрлифтингтен 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тұрсынай Қабыл 104 келіні көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.

Бірнеше минут бұрын дзюдошы Әлфия Тілекқабыл (52 келіге дейін) Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: