Қазақстандық конькишілер Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылы Харбин (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық әйелдер командалық спринтте үшінші нәтиже көрсетті. Қоржынға медальді Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина салды.
Бірінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды. Қытай құрамасы екінші орын алды.
Еске салайық, бұған дейін шорт-трекшілер Азия ойындарында ерлер эстафетасының қорытындысы бойынша ел қоржынына алғашқы алтынды салғанын хабарлаған едік.
Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жазалау ұпайларын алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript