Су полосынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола медаль еншіледі
Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстан әйелдер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында су добынан үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қола медальға таласта біздің ватерполшылар Өзбекстан спортшыларын 16:8 есебімен жеңді.
Алтын медальді Жапония мен Қытай сарапқа салды.
Сондай-ақ, бүгін, 1 қазанда Қазақстан құрамасының балуаны Бекәділ Шаймерденов "кураш" күресінен күміс медаль жеңіп алды.
Мария Дмитриенко стенд атудан қола медаль жеңіп алды. Стендтік атудан әйелдер командасы да қола медаль еншіледі. Қазақстан командасы сапында Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина өнер көрсетті. Олар жалпы есепте 334 ұпай жинады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript