Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы есеп бойынша ол 1411 ұпай жинап, оныншы болды.
"Ереже бойынша үздік бестікке кірген мемлекет жолдамаға иелік етеді. Георгий 10-шы болғанымен ол Жапония, Оңтүстік Корея мен Қытайдың бірнеше спортшысына есе жіберді. Бұл елден тек бір ғана адам лицензия ала алады. Тағы Қазақстан мен Таиланд атлеттеріне бір-бір жолдамадан бұйырды". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл спорт түрінен жалпы есепте Қазақстан құрамасы - 4-сатыда.
Айта кетсек, Қазақстан спортшысы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орын иеленіп, 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алғанын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript