Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан тағы бір қола медальға ие болды
Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Мария Дмитриенко Ханчжоуда Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз стенд атудан "трап" бағдарламасы бойынша жеке сында үшінші орынды иеленді.
Алтын медальды 47 ұпай жинаған қытайлық Синьцю Чжан ұтып алды. Бұл нәтиже Азия мен Азия ойындарының рекорды болып табылады.Тұғырдың екінші сатысына 43 ұпайға ие Цуйцуй Ву көтерілді.
Тағы бір отандасымыз Айжан Досмағамбетова 27 ұпаймен төртінші орынға ие болды.
Стенд ату бойынша әйелдер командасы да алдында қола медаль еншілеген болатын. Қазақстан командасы сапында Мария Дмитриенкомен қатар Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина өнер көрсетті. Олар жалпы есепте 334 ұпай жинады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript