АЧ-2023: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль еншіледі

Су добы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2023 14:58 Сурет: Instagram/sg_swimming
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурдағы Азия чемпионатында Таиланд ватерполистерін ұтып, жарысты мерзімінен бұрын аяқтап, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы осы құрлықтық біріншілікте Таиланд командасын екінші рет жеңді. Егер соңғы кездесуде есеп: 13:8 болса, онда бірінші ойында 16:10 ұпайы тіркелген болатын. Тай қыздарын жеңген қазақстандық құрама турнир кестесінде бесінші жеңісін тіркеді, осылайша қарсыластарын алысқа қалдырды. Сонымен қатар, қазақстандық команда Азия чемпионатының алтын жүлдесін мерзімінен бұрын жеңіп алды.




Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: