Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Сурет: olympic.kz
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы кездесуін Сингапурға қарсы өткізіп, 12:6 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл жарыста алты команда бақ сынайды, олар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойын өткізеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript