Жаңалықтар тізбегі
0

Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты

Стенд ату, трап бағдарламасы, әйелдер командасы, Азия ойындары, Қазақстан, қола медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 10:27 Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина өнер көрсетті. Олар жалпы есепте 334 ұпай жинады. 

Бірінші орынды Қытай спортшылары (354 ұпай), екінші орынды Үндістан (337 ұпаймен) командасы иеленді.

Қазақстан құрамасы медальдық кестеде 12-орында тұр. Құрама қоржынында 26 медаль бар: 19 қола, 4 күміс және 3 алтын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: