Азиада-2022: Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты
Сурет: Instagram/drs_kz
Каролин Кипкируи Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 10 000 метрге жүгіруден финалдағы жарыста мәреге үшінші болып жетті.
Ақпан айында Астанада жеңіл атлетикадан жабық ғимаратта өткен Азия чемпионатында Қазақстан өкілі Каролин Кипкируи жеңімпаздар тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді. Ол 3 мың метрді 9:01.98 секунд уақытында жүгіріп өтіп, үздік деп танылды.
Бұған дейін велотректен Қазақстан ерлер құрамасы мэдисон бағдарламасы бойынша финалдық жарыста үшінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасы сапында Артем Захаров пен Рамис Дінмұхамедов өнер көрсетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript