Бокстан АЧ-2022: Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс медальмен толықты
Сурет: Іnstagram.com/boxingkazakhstan
12 қарашада Амманда (Иордания) бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
54 келіге дейін салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте өнер көрсеткен Махмұд Сабырхан қарсыласы - филиппиндік Карло Пааламнан жеңіліп қалды. Осылайша ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Есеп: 4:1.
Айта кетсек, Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбай (48 келі) ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлдені еншіледі. Одан бөлек, Қазақстан құрамасы қоржынында көп үміт күткен Сәкен Бибосыновтың күміс медалы да бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript