Еркін күрестен ӘЧ-2022. Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты

Грек-рим күресі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 09:45 Сурет: olympic.kz
16 қыркүйекте Қазақстан құрамасының қоржынын еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола медальмен толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатында үшінші орынға таласқан отандық балуан Пуэрто-Рикодан келген спортшы Этан Рамоспен белдесіп, 10-0 нәтижесімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Азамат осы сайыстардағы Қазақстан еншісіндегі үшінші медальді еншіледі.

Бұған дейін Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған болатын.

Әйелдер күресінен елордалық Жәмилә Бақбергенова 76 келіге дейінгі салмақта күміс медальға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: