Күрестен Қазақстан құрамасының капитаны спорттық мансабымен қош айтысты

Спорттық мансап, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 21:10 Сурет: ҚР ҰОК
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорт мансабын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл ақпаратты құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев хабарлады.

Дәулет Ниязбеков спорт мансабының аяқтауына байланысты Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Олимпиада кезінде алған жарақаты оңай соқпағанын мойындады.

Токио олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Күреске еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білігін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Иә, күреске тоймай кетіп барамын. «Олимпиада жүлдесін алсам» деген арманым орындалмады. Бірақ денемнен шығатын тердің бәрін сығып, барымды салып кетіп бара жатырмын деп ойлаймын. Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір. Дәулет Ниязбеков
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: