Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты
Сурет: olympic.kz
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш күресінен аса жеңіл салмақта сынға түскен Тұрмаханбет Қалмұхан жүлделі орыннан көрінді.
Спортшымыз тартысты белдесулер өткізіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медаль иеленді.
Сондай-ақ VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш – белбеу күресінен еркін стиль бойынша 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбубәкіров Жандос жүлделі III орынға табан тіреп, қола медаль иеленді.
Бұған дейін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан үш алтын және бір қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз. Сондай-ақ Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Алыш күресінен және аударыспақтан да бақ сынап, бір қола және бір күміс медаль еншіледі.