Қазақша күрестен Қазақстан қоржыны тағы бес алтын медальмен толықты
Атап айтқанда, 56 келі салмақ дәрежесінде финалда жерлесіміз Рауза Нұрмахамметова ресейлік Алена Фатихованы "таза жеңді". Осылайша Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.
Сурет: Instagram/ulttyqatsport.kz
60 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейіржан Берекетов финалда әзербайжандық балуанды жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.
Сурет: Instagram/ulttyqatsport.kz
Қазақша күрестен 66 келі салмақта Дидар Тұқышев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы болды.
Сурет: Instagram/ulttyqatsport.kz
74 келі салмақта өнер көрсеткен Жұмажан Қожамбеков алтын медаль жүлдегері атанды.
Сурет: Instagram/ulttyqatsport.kz
Сондай-ақ қыздар арасынан 60 келі салмақта Бақыт Құсақбаева да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы болып танылды.
Сурет: Instagram/ulttyqatsport.kz
Айта кетсек, осыған дейін 52 келі салмақта Назерке Азаматова және 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанса, сондай-ақ ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов алтын медаль иеленгенін хабарлаған болатынбыз.