Ел қоржынына қазақша күрестен үшінші алтын медаль түсті

Қазақша күрес, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Назерке Азаматова, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 18:17 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржынына үшінші алтын медаль түсті. 52 келі салмақта өнер көрсеткен Назерке Азаматова финалда Өзбекстан балуаны Муродовадан басым түсіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін әйелдер арасында 48 келі салмақта Айжан Жылқыбаева мен ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов ел қоржынына екі алтын медаль салғанын хабарлаған болатынбыз.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес сарайында өтіп жатқан жарыстарда төрт салмақтағы ең мықтылар анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: