Әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңі, Виктор Друзин, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 16:22 Сурет: freepik
Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинаған.

Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді. 

Әйелдер арасындағы сында  Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған болатын. Бұл - екі спортшының да әлем кубогіндегі алғашқы алтыны. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: