Лев Черепанов Азия чемпионатындағы қола жүлде жайлы: Бәрі соңғы 100 метрде шешілді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Лев Черепанов Гонконгтағы ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол спортшы жарыстың өте тартысты өткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өз өнерімді сәтті деп бағалаймын. Медалдың аты медаль. Қашықтықты жүзіп өту қиын болды. Жарыс үлкен тартыспен өтті, бәрі соңғы 100 метрде шешілді.

Өкінішке қарай, 5 шақырымдық жарыс ауа-райының қолайсыздығына байланысты болмайтын болды. Ал, біз ашық суда жарысудамыз, сондықтан жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Азия чемпионатында бәсекелестік айтарлықтай артқан. Барлық командалар өте жылдам жүзіп, лайықты нәтижелер көрсетуде. Менің мақсатым жай ғана жүлдегерлер қатарына ену болды",  -  дейді спортшы.

Еске салайық, Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында 10 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді