Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында 5-орын үшін таласады

Сурет: ktf.kz
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы үздік бестікке ілігу үшін кортқа шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше қазақстандық жасөспірімдер ширек финалда Жапония командасына 0:2 есебімен жол берді. Жапониялықтар бұған дейін Дэвис кубогында екі рет, 2010 және 2019 жылдары жеңімпаз атанған болатын.

Бүгін Сергей Квактың шәкірттері Қытай Тайбэйін жеңді. Алдымен Дамир Жалғасбай Ванг Йен Чунды 6:0, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Екінші ойында Заңғар Нұрланұлы тамаша жеңіске қол жеткізді. Ол бірінші партияда Чен Куан Чоудан 3:5 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасай алды – 7:6 (7:3). Екінші сетте қарсыласын 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдері 16 қарашада Франция құрамасымен бесінші орын үшін таласады. Қазақстандықтар әлемнің төрт дүркін чемпионы – Францияны топтық бәсекеде жеңген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін