Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет үздік бестікке енді

Сурет: ktf.kz
Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сергей Квактың шәкірттері бесінші орын үшін бәсекеде Франция құрамасымен кездесті.

Топтық бәсекеде қазақстандықтар франциялықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын.

Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен ұтты. 

Екінші бәсекеде Заңғар Нұрланұлы Муаз Куамеге есе жіберді - 1:6, 2:6.

Шешуші, жұптық сында Дамир Жалғасбай - Даниэль Тазабеков Муаз Куаме - Даниэль Жадты тізе бүктірді - 6:3, 1:6, 10:5.

Өткен жылы командалық әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10-орынға іліккен еді. Бұл жолы көрсеткішін едәуір жақсартып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін