"Барыс" хоккей клубы Гагарин Кубогының иегерін жеңіп, сенсация жасады

Сурет: Instagram/barys_official
20 қарашада кешке қазақстандық "Барыс" хоккей клубы күтпеген жерден Гагарин Кубогының иегері "Металлург" командасын 2:1 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч алдында барлық болжам Қазақстанның ең қымбат хоккейшісі Никита Михайлис ойнайтын ресейлік командасы жеңеді дегенге сайған. Алайда қазақстандық құраманың көшбасшысы өзінің бұрынғы командасының қақпасына шайба сала алмады.

Кездесудің екінші минутында Максим Мұхаметов "Барысты" алға шығарды. Біраз уақыттан соң Дмитрий Силантьев қайта ұпай теңестірді. Алайда, Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері өздерінің ойын стиліне салып, титулды қарсыласын тізе бүктіре алды. Жеңісті шайбаны Кирилл Панюков соқты. Есеп: 2-1.

Осылайша, елордалық команда үш матчтан тұратын өз алаңындағы ойынын жеңіспен бастады. Біздің команда келесіде 22 қарашада "Амурға" қарсы ойын өрнегін көрсетеді.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін