Виктор Друзин World Aquatics нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атағына үміткер

Сурет: olympic.kz
Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Виктор Друзин World Aquatics халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атағына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, бұл атаққа үміткерлер тізімінде итальяндық Джорджио Минисини, америкалық Кеннет Гауде, испандық Деннис Гонсалес, колумбиялық Густаво Санчес те бар.

Үміткерлердің біріне дауыс беру үшін World Aquatics-тың Instagram парақшасында Stories бөліміне лүпіл қойып (1 лүпіл = 1 дауыс) қатысуға болады. Сонымен қатар, жеңімпазды таңдауда осы спорттық ұйымның кандидаттарды ұсыну комитетінің пікірлері де ескеріледі.

Айта кетейік, Друзин маусымды табысты аяқтап, әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше медаль жеңіп алды, оның ішінде Канадада қол жеткізген алтын медалі де бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Астанада жаңадан салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатыры өртенді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған кітап жарық көрді

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстанда жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді