Біздің әйелдер командасының боксшыларына ерекше сәттілік бұйырып, төрт медальға кепілдік берілді. Өйткені төрт боксшымыз Азия чемпионатының жартылай финалына бірден жолдама алды. Ал 81 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі Елдана Талипова финалға мерзімінен бұрын шықты.
"Алтынға" таласуға оған тек бір кездесу жетіспей тұр. Ол енді Алтын Сотимбоева (Өзбекстан) - Марина Ловчинскаяны (Украина) жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасатын болады.
Қола медаль қалған үш боксшы қызымыздың қалтасында тұр. Жартылай финалда олар одан да жоғары сыныпты медаль алу үшін бақ сынайтын болады.
70 кг: Наталья Богданова – Анастасия Черноколенко (Украина).
75 кг: Диана Мағауияева – Дием Кьюн Лю (Вьетнам) немесе Ян Ван (Қытай).
81 кг: Гүлсая Ержан – Сохиба Рузметова (Өзбекстан).
Ал қалған қыздарымыз АЧ-2024 жүлдесін ұтып алу үшін жарыстың басынан бастап ұзын жолды еңсеруге мәжбүр болады.
Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлік кеңесі Азия чемпионатына қатысатын боксшылар тізімін бекітті:
48 келі. Әйгерім Сәттібаева
50 келі. Алуа Балқыбекова
52 келі. Жазира Орақбаева
54 келі. Сымбат Әлиасқар
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек
60 келі. Виктория Графеева
63 келі. Аида Әбікеева
66 келі. Милана Сафронова
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Диана Мағауияева
81 келі. Гүлсая Ержан
+81 келі. Елдана Талипова.
Азия турнирінің ерлер құрамасының қоржыны жеребе тасталғаннан кейін екі медальмен толықты. Жартылай финалдағы екі орынды Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) пен Айбек Оралбай (+92 кг) еншіледі. Біздің басқа боксшыларымыз бен олардың болашақ қарсыластары келесі ретпен орналастырылған:
Айта кетсек, Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) өтеді.