Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан финалға өтті

Сурет: olympic.kz
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде екінші қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

54 келіде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жарыс қожайыны Саравут Суктхетті 5:0 есебімен жеңді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.

Отандасымыз жапон спортшысы Казума Аратакені 5:0 есебімен жеңді.

Бүгін, 8 желтоқсанда бокстан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының он өкілі шаршы алаңға шығады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды