Рыбакина Джоковичтің экс-бапкерімен жаңа маусымға дайындықты бастады

Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина командасымен бірге Дубайда (БАӘ) жаңа маусымға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакинаның физиотерапевті Стефан Дюэль әлеуметтік желіде оның өз командасымен, жаңа бапкер Горан Иванишевичпен бірге түскен суретін жариялады.

"2025 жылға дайындалып жатырмыз", - деп жазды Дюэль.

Биыл Иванишевич сербиялық теннисші, "Үлкен дулыға" турнирінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичпен жұмысын тоқтатты. Олар бес жылдан астам бірге жұмыс істеді.

2024 жылы Елена Рыбакина үш титул (Брисбен, Абу-Даби, Штутгарт, барлығы WTA 500 санатындағы турнир) жеңіп алды және екі жарыстың финаоында ойнады. Рыбакина биыл Уимблдонның жартылай финалына шықты, бұл - оның 2024 жылғы "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі ең жақсы нәтижесі. Елена WTA – 2024 финалдық турнирінде жартылай финалға шыға алмады, бірақ соңғы матчта әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі