Super World-2024: Қазақстан спортшысы функционалдық көпсайыстан әлем чемпионы атанды

Сурет: Instagram/fffk
Венгрия астанасы Будапештте функционалдық көпсайыстан өткен "Super World-2024" әлем чемпионатында отандасымыз Роман Жантілеев алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараны ұйымдастырушылар Романды Қазақ елінің Тәуелсіздік күніне орай арнайы марапаттады. Рәсім барысында еліміздің әнұраны орындалып, қатысушылар тарихи сәтті құрметпен қабылдады. Осылайша, Роман өз жас категориясында 3 дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды 24KZ.

Тағы бір қазақстандық спортшы Валентин Лукановский үздік 7 спортшының қатарына енді. Ал Мақсат Оспанов мұндай деңгейдегі жарыстарға алғаш рет қатысып, 12-ші орыннан көрінді.

Айта кетейік, Будапешт қаласындағы "Super World-2024" әлем біріншілігі 13-15 желтоқсан күндері өтті. Оған 5 құрлықтан келген 40 елдің командалары, 800-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады