Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы жеңіліс тапты

Сурет: olympic.kz
Шайбалы хоккейден Канаданың Оттава қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы Словакиямен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші кезеңде қарсылас команда үш жауапсыз шайба соқты. Екінші кезеңнің басында Артур Гросс қарымта шабуылмен есеп айырмасын қысқартты. Алайда қарсыластар тағы бір шайба соғып үлгерді.

Ойынның 37-минутында Асанәлі Сәркенов құрамамыздың екінші шайбасын соқты.

Кейін Кирилл Ляпуновтың шайбасы есепке алынбай, ал Сәркенов ойынның аяқталуына 5 минут қалғанда алаңнан шеттетілді.

Соған қарамастан, біздің хоккейшілер табандылық танытып,мұз айдынындағы ойыншылар аз болса да, есепті теңестіре алды. Алдымен Давлет Нұркенов шайба соқты, одан кейін Кирилл Ляпунов көзге түсті.

Өкінішке қарай, овертаймда қарсылас команда басым түсіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Словакия – Қазақстан 5:4 ОТ (3:0, 1:2, 0:2, 1;0) 

1:0 – 08:07 – Дворски (Йенчко)

2:0 – 13:19 – Дворски (Пекарчик, Радивойевич)

3:0 – 19:51 – Пекарчик (Дворски, Штрбак) артық құрамдағы гол

3:1 – 22:02 – Гросс

4:1 – 32:36 - Пекарчик (Дворски, Йнчко)

4:2 – 36:14 – Сәркенов (Әлібек, Решетько)

4:3 - 56:37 - Нұркенов (кем құрамдағы шайба)

4:4 - 59:31 - Ляпунов (кем құрамдағы шайба)

4:5 - 62:55 - Штрбак (Пекарчмк) 

Қақпашылар: Никитин - Урбан

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 31 желтоқсан күні Швейцарияға қарсы өткізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды