ITF W15: Түркиядағы беделді жарыста отандастарымыз финалда өнер көрсетеді

Сурет: ktf.kz
Анталияда өтіп жатқан ITF W15 турнирінде жұптық сынының ақтық кезеңіне өткен теннисшілер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сандуғаш Кенжебаева неміс теннисшісі Жоэль Строймен бірге тізе қоса отырып, жартылай финалда итальяндық Джулиана Бестетти/Октавия Масетти жұбын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Енді Сандуғаш пен Жоэль финалда ресейлік Дарья Шадчневамен жұптасқан тағы бір отандасымыз Асылжан Арыстанбековаға қарсы ойнайтын болады. Олар жартылай финалда Биянка Барбулеску (Румыния) /Астрид Олсен (Норвегия) жұбын 6:1, 6:2 есебін ұтқан.

Сандуғаш үшін бұл - Антальядағы жұптық сындағы қатарынан болған үшінші финал. Ол алдыңғы екі турнирде жеңіске жеткен болатын. Шешуші матч ертең 25 қаңтарда өтеді.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді