Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды

Сурет: olympic.kz
Латвияның Рига қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IIA дивизионы бойынша жасөспірімдер әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы турнирде екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан шешуші матчта Латвия құрамасымен кездесті. Үшінші кезеңнің алдында бір шайба айырмасымен ұтылып жатқан қазақстандықтар есепті теңестіріп қана қоймай, алға шығып, 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдің күміс медалін жеңіп алды.

Латвия – Қазақстан 4:7 (2:2, 2:1, 0:4)

Шайбалар:

0:1 – 1:31 – Зубкова (Пивень)

1:1 – 3:58 – Страузе (Глазниеце, Зелубовска)

1:2 – 6:42 – Зубкова (Крухольская) артық құрамдағы гол

2:2 – 12:45 – Стале (Зелубовска, Яковлева)

3:2 – 23:25 – Стале (Яковлева) кем құрамдағы гол

3:3 – 30:14 – Муравьева (Зубкова, Крухольская) артық құрамдағы гол

4:3 – 30:43 – Стале (Страузе)

4:4 – 41:59 – Емцева

4:5 – 47:17 – Крухольская

4:6 – 57:23 – Зубкова кем құрамдағы гол

4:7 – 58:51 – Зубкова кем құрамдағы және бос қақпаға соғылған гол

Қақпашылар: Казе – Агеева

Айта кетейік, турнирде бірінші орынды Ұлыбритания жеңіп алды, бұл оларға бір дивизион жоғары көтерілуге мүмкіндік берді. Ал Тайбэй дивизионнан шығып қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты