Түрікменстанның төрт хоккейшісі Азия ойындарынан шеттетілді

Сурет: harbin2025.com
9 ақпанда Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында хоккейден Түрікменстан мен Гонконг құрамалары кездесіп, матч барысында ыңғайсыз оқиға болды. Түрікмен командасының бірнеше ойыншысы қол алысу кезінде қарсыластарына қол жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл оқиға Гонконг командасының Түркіменстанды 5:1 есебімен жеңгенінен кейін болды. Гонконг ҰОК баспасөз қызметі хабарлағандай, дәрігерлері егжей-тегжейлі тексеруден кейін Гонконг құрамасының үш хоккейшісі оқиғадан зардап шеккенін анықтады.

"Гонконг спорт федерациясы мен Олимпиада комитеті, Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарындағы хоккей матчынан кейін түрікмен спортшылары Гонконг командасына қасақана шабуыл жасап, біздің спортшыларымызды жарақаттау оқиғасына қатысты шешім қабылдады. Төрт түрікмен ойыншысы дереу ойындардан шеттетілді және олар Азия ойындарының қалған матчтарына да қатыстырылмайды". Гонконг ҰОК мәлімдемесі

Кейбір мәліметтерге сәйкес, зердап шеккендердің жарақаттары анау айтарлықтай емес көрінеді. Хоккейшілердің бірінің қолын тігуге тура келген. Жалпы, үшеуі де осы уақыттарда өздерін жақсы сезінеді. Азиада-2025 хоккей турнирінің топтық кезеңі 10 ақпанда кешке аяқталады. Жарыстың ширек финалына алғашқылардың бірі болып Қазақстан құрамасы жолдама алды.

Қытай
Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көз тиген баланы қалай емдейді?

Танымал актер Шәріп Серік бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылатын болды

Қарағанды ​​облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды