Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.

Сурет: olympic.kz

Жарыста жеңіске Оңтүстік Корея спортшысы Ча Джун Хван жетті – 281,69 ұпай. Ал күміс жүлдені жапондық Юма Кагияма иеленді – 272,76 ұпай.

Диас Жиренбаев 186.18 ұпаймен тоғызыншы орын алды.

Сурет: olympic.kz

Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Азия ойындарында бұл спорт түрінен 2017 жылы медаль алған еді. Ол кезде Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін