"Қайрат" 10 ойыншымен "Ақтөбені" жеңіп, 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын иеленді

Сурет: instagram/f.c.kairat
22 ақпанда Астанада Қазақстан футбол маусымы ресми түрде ашылды. 2025 жылғы ел Суперкубогы үшін өткен ойында алматылық "Қайрат" "Ақтөбеден" 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы Қазақстан чемпионы өткен маусымдағы Кубок иегерін 2:0 есебімен жеңді. Сонымен қатар, матч соңында алматылық команда бір ойыншыға кем болды.

Екінші таймда “Қайраттың” футболшысы Еркін Тапалов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Матчтың алғашқы жартысында командалар тең ойын көрсетті.

Алайда екінші таймда 2024 жылғы КПЛ жеңімпазы өз ойынын күрт өзгертті, батысқазақстандықтардың қақпасы алдында қауіпті сәттер көбейе бастады.

58-минутта "Қайрат" өз дегеніне жетіп, есепті бразилиялық Элдер Сантана ашты.

Ал ойынның соңында белоруссиялық легионер Валерий Громыко матчқа нүкте қойды – 2:0.

Осылайша, "Қайрат" өз тарихында үшінші рет ел Суперкубогын жеңіп алды және 40 000 000 теңге сыйақыға ие болды.

Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері жаңа маусымды жеңіспен бастап, енді Қазақстан чемпионатының бірінші турында "Астанаға" қарсы тағы бір маңызды матчқа дайындалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды