Бокстан Қазақстан жастар құрамасы 4 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль ұтты

Сурет: ҚР ҰОК
Черногорияның Будва қаласында бокстан кіші Әлем кубогы аталып кеткен "Адрия інжуі" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан жастар құрамасы 27 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, былғары қолғап шеберлері аталмыш жарыста 4 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.

Алтыннан алқа таққан боксшылар: Нығман Нығмет (57 келі), Жасұлан Бердалы (75 келі). Әйелдер арасында: Регина Тибянова (57 келі), Ақбота Есімбекова (66 келі).

Күміс жүлдеге ие болғандар: Алдияр Баһадүр (54 келі), Игорь Соловьев (75 келі), Санжар Сейітхамит (92 келі), Бексұлтан Қайратұлы (92 келіден жоғары). Әйелдер арасында: Рахмина Абдумажитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары).

Қола жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұрхан Құмарбеков (48 келі), Бексұлтан Қожамжар (48 келі), Айдос Үсенов (51 келі), Әли Мұрат (54 келі), Бауыржан Мұратов (57 келі), Ердәулет Саит (60 келі), Әлихан Әскер (63,5 келі), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 келі), Сұлтан Тұрдалы (67 келі), Бекарыс Нұрмұхан (71 келі), Бейбарыс Әшірбай (71 келі). Әйелдер арасында: Толғанай Қасымхан (60 келі).

Бұған дейін Қазақстан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын екі "жеңіспен" бастағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

56 жастағы әйел шынайы ер адамдардан бас тартып, ЖИ-мен қарым-қатынасы туралы күтпеген шындықты айтты