Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің финалына жолдама алды

Сурет: ktf.kz
Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан беделді ITF Women 100 топырақ төсенішіндегі турнирде қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда алматылық спортшы Латвия өкілі Дарья Семенистамен жұптасып, тәжірибелі әрі танымал Нао Хибино (Жапония)/Виталия Дьяченко (Ресей) дуэтін 3:6, 6:4, 11:9 есебімен жеңді.

Енді Қазақстан мен Латвия спортшыларының тандемі Германиядағы бұл турнирдің чемпиондық атағы үшін таласады. Қарсыластары екінші жартылай финал аяқталған соң белгілі болады.

Онда финал жолдамасына Джесика Малецкова/Мириам Скоч (екеуі де Чехия) мен Анастасия Детюк (Чехия)/Синья Краус (Аустрия) жұптары таласады.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева үшін бұл кейінгі екі аптадағы ITF W100 деңгейіндегі екінші финал болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жасанды интеллект қауқарсыз болды: Ford жұмыстан қысқарған инженерлерін қайта шақырды

Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек